Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Жастар үшін министрлікке жұмысқа тұру – "алынбас қамалдай"

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында еліміздің дипломатиялық қызметіне тың серпіліс қажет екенін айтты. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.

"Біздің дипломатиялық қызметке тың серпіліс қажет. Білікті мамандардың Сыртқы істер министрлігінен кетуі оның кадрлық әлеуетін әлсіретуде. Бұл – шын мәнінде, өзекті мәселе.

Мен осы министрлік ең консервативті құрылымның бірі екенін білемін. Мұның жақсы жағы да бар. Дәстүр сақталады, кәсіби дипломаттар шоғыры қалыптасады. Дегенмен, жағымсыз жағы да жоқ емес. Білімді, білікті әрі елге адал қызмет еткісі келетін жастар үшін министрлікке жұмысқа тұру – "алынбас қамалдай". Бұл ахуалды түзеп, кадр саясатын түбегейлі қайта қарайтын кез келді.

Дипломатиялық қызметке, ең алдымен, көзі ашық, көкірегі ояу, отаншыл мамандар қажет. Қазақстан атынан шет мемлекеттерде қызмет істеп жүрген дипломаттарымыз шетел тілдерін ғана емес, алдымен, мемлекеттік тілді білуі керек", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1942847-toqaev-zastar-usin-ministrlikke-zumysqa-turu-alynbas-qamaldai/

pixel