RU

Президент: Қазақстан ешкіммен жауласпайды, халықаралық дауларға килікпейді

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: facebook.com / Берік Уәли

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Қазақстан халықаралық дауларға араласпайтынын мәлімдеді.

"Әлемдегі алпауыт елдермен және өңірдегі ықпалды мемлекеттермен тең дәрежелі әрі тиімді ынтымақтастық орнату.

Қазір геосаяси текетірес белең алуда. Қазақстан ешкіммен жауласпайды, халықаралық дауларға килікпейді. Біздің таңдаған жолымыз – айқын.

Прагматизмге негізделген салмақты әрі салиқалы саясаттан еш айнымаймыз. Біз екіжақты және көпжақты міндеттемелерден бас тартпаймыз. Даулы мәселелер туындаса, ұлттық мүддемізге сай ұтымды шешім табуға ұмтыламыз.

Біз Тәуелсіздік пен егемендікке, еліміздің шекарасы мен аумақтық тұтастығына нұқсан келтіретін бір де бір келісімге жол бермеуіміз керек. Өйткені, осы қасиетті құндылықтар біз үшін бәрінен қымбат. Біз, ең алдымен, Қазақстанның мүдделерін табандылықпен қорғауымыз қажет", - дейді президент.

Айта кетейік, осы жиында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дипломатиялық қызметіне тың серпіліс керек екенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1942870-prezident-qazaqstan-eskimmen-zaulaspaidy-xalyqaralyq-daularga-kilikpeidi/