Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook парақшасына сілтеме жасап.
Оның мәліметінше, мемлекет басшысы Алматы қаласындағы резиденциясында еліміздің қаржы секторының өкілдерімен кездесу өткізеді.
"Бұдан кейін президент бірқатар әлеуметтік, білім беру мекемелерін және басқа да нысандарды аралап көреді, сондай-ақ, қаладағы жылу электр орталықтарының біріне жүргізіліп жатқан қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысады деп жоспарланып отыр", - дейді Берік Уәли.
Естеріңізге сала кетейік, 18 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысын өткізді.
Оның барсында президент бірқатар мәселені көтеріп, Қазақстан халықаралық дауларға араласпайтынын, еліміздің дипломатиялық қызметіне тың серпіліс керек екенін айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1942953-toqaev-zumys-saparymen-almaty-qalasyna-keldi/