Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент елімізде цифрлық теңге енгізу мүмкіндігі туралы айтты

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда өткен қаржы секторының өкілдерімен кездесуде цифрлық валюталарды айналымға енгізу маңыздылығына тоқталды. Бұл ретте президент болашақ қаржы жүйесінің негізіне айналуы мүмкін цифрлық теңге енгізу мәселесін қарастырған жөн екенін айтты деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы криптовалюта нарығын дамыту мәселесіне де тоқталды.

"Криптовалюталар – объективті фактор және оларға немқұрайлы қарауға болмайды. Олардың қолданыстағы қаржы жүйесіне әсер ететін тәуекел-қатерлері мен әлеуетін нақты бағалау қажет. Сондықтан елімізде криптобиржаларды құру үшін теңдестірілген реттеу шарттарын қалыптастыру жұмыстарын жандандыру қажет. Басқаша айтқанда, криптовалюталарды шығару бойынша әлемдегі екінші ел бола тұра,  қаржы қайтарымын көрмей отырмыз", – деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, ол қаржы секторын климат жөніндегі күн тәртібінің талаптарына бейімдеуге қатысты мәселеге арнайы тоқталды.  

"Экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқарудың тұрақты даму қағидаттарының әсер етуіне байланысты қаржы секторындағы трансформацияның қарқыны артқанын бәріміз көріп отырмыз. Бұл біздің елімізге де тікелей қатысты. Қарқынды даму ұлттық экономикамызға салмақ салғанымен, екінші жағынан оны тұрақты дамытуға және әртараптандыруға көшіру үшін қосымша мүмкіндіктер де беріп отыр. Осыны ескере отырып, отандық қаржы секторы Қазақстанның "жасыл экономикаға" өту жүйесіндегі маңызды бағытына айналуы керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1943035-prezident-elimizde-cifrlyq-tenge-engizu-mumkindigi-turaly-aitty/

pixel