RU

Путин коронавирусқа қарсы вакцинаны үшінші рет салдырды

Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: РИА Новости / Михаил Климентьев

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин қайтадан коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ТАСС.

Ресей басшысы вакцинация процедурасы ауырсынусыз өткенін атап өткен. Екпе салынғаннан кейін Путин өзін қалыпты сезінетінін айтқан.

"Бүгін сіздердің және әріптестеріңіздің ұсынысы бойынша мен "Спутником Лайт" екпесін тағы бір мәрте салдырдым. Бұл ревакцинация деп аталады", - деді Владимир Путин Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология орталығы басшысының орынбасары Денис Логуновпен кездесу барысында.

Айта кетейік, бүгін, 22 қарашада Қазақстанда коронавирусқа қарсы ревакцинация басталды. Ең алдымен ревакцинация медицина қызметкерлеріне, педагогтер, медициналық-әлеуметтік мекемелердің және жабық балалар мекемесінің қызметкерлері мен контингентіне, күштік құрылымдардың қызметкерлеріне жасалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1943264-putin-koronavirusqa-qarsy-vakcinany-usinsi-ret-saldyrdy/