Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының өкілеттігін Тоқаевқа береді
Жарияланған күні:
Қазақстанның тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының төрағасы өкілеттігін беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
"Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының төрағасы өкілеттігін беру туралы шешім қабылдады. Ол партияны ел президенті басқаруы керек екенін атап өтті. Өкілеттікті беру рәсімі партия жарғысына сай жүзеге асады" , - делінген Айдос Үкібайдың жазбасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1943559-nazarbaev-nur-otan-partiyasyndagy-oz-okilettigin-toqaevqa-tapsyrdy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.