Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында не айтты

Опубликовано:

Фото
Фото: Elbay.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінің мәтіні жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы партияның ресми сайтына сілтеме жасап.

"Құрметті партияластар! Қадірлі қазақстандықтар! Осы жылдар ішінде қалыптасқан көппартиялық жүйе елдігіміздің тірегіне айналды. 

Бұл орайда Nur Otan партиясының саяси салмағы басым екені анық.

Біз еліміздің партиялық-саяси жүйесін біртіндеп әрі жан-жақты саралай отырып дамыттық.

Барлық бастамаларымыз сияқты бұл мәселеге де ішкі дайындықпен келдік. 

Жүйесіз реформалар халықтың демократияға деген сенімін жоғалтып, түрлі шиеленістер тудырған және территориядан айырған жағдайлар тарихта аз емес.

Тәуелсіздікті сақтау және мемлекеттілікті нығайту – біздің болашақ ұрпақ алдындағы парызымыз.

Сондықтан «Nur Otan» партиясы тұрақтылық пен татулыққа, әлеуметтік-экономикалық прагматизмге, орнықты дамуға негізделген және тұтас қоғамның мүддесіне сай келетін саясат жүргізуде", - деді Тұңғыш президент.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстанның тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының төрағасы өкілеттігін беру туралы шешім қабылдаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1943587-nursultan-nazarbaev-nur-otan-partiyasy-sayasi-kenesinin-keneitilgen-otyrysynda-ne-aitty/

pixel