Мемлекет басшысы Амандық Баталовқа алғыс білдірді
Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінге дейін Алматы облысының әкімі қызметін атқарған Амандық Баталовқа алғыс білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өз Facebook парақшасында жазды.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амандық Баталовқа Алматы облысының әкімі лауазымында көп жыл жемісті қызмет атқарғаны, өңірді дамытуға және облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосқаны үшін алғыс білдірді",- деді ол.
Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысының Жарлығымен Амандық Ғаббасұлы Баталов Алматы облысының әкімі қызметінен босатылды.
Өңір әкімі болып Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1943682-memleket-bassysy-amandyq-batalovqa-algys-bildirdi/