Алғаш рет Швецияның премьер-министрі болып әйел адам сайланды
Опубликовано:

Швецияның премьер-министрі болып социал-демократиялық партияның көшбасшысы Магдалена Андерссон сайланды, деп хабарлайды РИА Новости.
Магдалена Андерссон Швеция тарихында бұл жоғары лауазымға ие болған алғашқы әйел адам болып отыр.
Оның кандидатурасын 117 депутат қолдаған. Сондай-ақ, парламенттің 174 мүшесі қарсы дауыс берген. Тағы 57 депутат дауыс беруден бас тартқан.
7 жыл бұрын Андерсон Швецияның қаржы министрлігін басқарған. Сол кезде де министр болып тағайындалған алғашқы әйел болған еді.
Ал елдің экс-премьер-министрі Стефан Левен екі апта бұрын қызметінен кеткен. Сонымен бірге, ол социал-демократиялық партияның басшысы қызметінен де босатылды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Эстонияда Реформа партиясының төрайымы, 43 жастағы Кая Каллас премьер-министр болғанын жазған едік. Ол ел тарихындағы бірінші әйел премьер-министр.
Одан бөлек, АҚШ қаржы министрі болып Джанет Йеллен тағайындалған болатын. Ол да АҚШ тарихындағы дәл осы министрлікке басшылыққа келген алғашқы әйел.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1943749-algas-ret-sveciyanyn-premer-ministri-bolyp-aiel-adam-sailandy/