Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алматы облысының орны мен үшін ерекше": Бозымбаев жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Қанат Бозымбаев
Қанат Бозымбаев. Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Бүгін Алматы облысының әкімі болып тағайындалған Қанат Бозымбаев жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Бозымбаевтың сөзінше, Алматы облысын басқарудың өзіне сеніп тапсырылуы зор жауапкершілік.

"Алматы облысының орны мен үшін ерекше. Өйткені Жетісу ата-бабам өмір сүрген мекен. Сондықтан да ыстық. Жалпы облыстың әлеуеті зор, шекаралы аймақ. Оны халықтың игілігіне пайдалана білуіміз керек. Өңірде Амандық Ғаббасұлының басшылығымен іргелі істер атқарылды. Мен де өз тарапымнан облысты дамытуға бар күш-жігерімді жұмсаймын деп уәде беремін. Халықтың сенімін ақтауға барымды саламын", - дейді Алматы облысының жаңа әкімі.

Айта кетейік, 24 қарашада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Амандық Ғаббасұлы Баталов Алматы облысының әкімі қызметінен босатылды.

Өңір әкімі болып Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1943756-almaty-oblysynyn-orny-men-usin-erekse-bozymbaev-zana-qyzmetine-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel