Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келіссөздер жүргізеді": Тоқаев ресми сапармен Бельгияға барады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаева 25-26 қарашада Бельгияға ресми сапармен барады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.

"25-26 қарашада президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Корольдігіне ресми сапармен барады.

Мемлекет басшысы Брюссельде Бельгияның және Еуропалық Одақтың басшылығымен келіссөздер жүргізеді, сондай-ақ еуропалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланған", - деп жазды Берік Уәли.

Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қарашада жұмыс сапарымен Түркияның Стамбұл қаласына барған еді.

Президент Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің VIII саммитіне қатысқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1943766-toqaev-resmi-saparmen-belgiyaga-barady/

pixel