Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ресейде шахтада болған апатқа байланысты Путинге көңіл айтты

Опубликовано:

Ресей-Қазақстан басшысы11
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кемерово облысындағы "Листвяжная" шахтасында болған апатқа байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, қаза болған кеншілердің жақындары мен туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.

Еске сала кетсек, 25 қарашада Ресейдің Кемерово облысындағы "Листвяжная" көмір шахтасында апат болып, 11 адам көз жұмды.

Хабар24-тің хабарлауынша, жалпы төтенше жағдай кезінде кен орынында 285 жұмысшы болған. Олардың 237-сі аман-есен сыртқа шығарылған.

Апатқа байланысты Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1943996-toqaev-saxtada-bolgan-apatqa-bailanysty-putinge-konil-aitty/

pixel