Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда парламенттік сайлау өтіп жатыр

Опубликовано:

Қызғызстандағы сайлау
Көрнекі фото: Nazir Aliyev Tayfur/Anadolu Agency via Getty Images

Бүгін Қырғызстанда Жогорку Кенеш жетінші шақырылымының депутаттары сайланып жатыр.

Жуырда Қырғызстанда сайлау жүйесі өзгерді. Енді 120 депутаттың орнына 90 депутат сайланады деп жазады 24kg.

Оның 54-і пропорционалдық жүйе (саяси партиялар кандидаттарының ашық тізімдері бойынша), 36 депутат мажоритарлық жүйе бойынша сайланады.

Парламенттегі орындар үшін 21 саяси партиядан 1 мыңнан астам адам кандидат екені хабарланды. Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау үшін Қырғызстан мен шетелде 2,5 мыңнан астам сайлау учаскесі ұйымдастырылған.

Басылымның жазуынша, ел президенті Садыр Жапаров пен бірінші ханымы Айгүл Жапарова дауыс беріп үлгерген. Дауыс беру кезінде президенттің жұбайы аздаған қиындықтарға тап болған, дегенмен оған күйеуі қол ұшын берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1944286-qyrgyzstanda-parlamenttik-sailau-otip-zatyr/

pixel