Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті

Опубликовано:

мемлекет басшысы
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Женевада Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті Петер Маурермен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Халықаралық Қызыл Крест комитеті арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың перспективалары талқыланды. Сондай-ақ халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ой-пікірлер ортаға салынып, Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай сөз болды.

Репатриация және реинтеграция, отбасылардың қауышу және қақтығыс аймақтарынан оралған азаматтарға психологиялық көмек көрсету мәселелері бойынша еліміз бен Комитет арасындағы өзара табысты ықпалдастық атап өтілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Комитеттің қызметін толық қолдайтынын нақтылап, осы ұйымның басшысы лауазымындағы Петер Маурердің атқарып жатқан жұмысын жоғары бағалады.

Мемлекет басшысы Халықаралық Қызыл Крест комитетіне Қазақстанның Қорғаныс министрлігімен бітімгерлік операциялар жүргізу мәселелері бойынша өзара табысты ықпалдастығы үшін ризашылығын білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық әскерилердің БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысу географиясын кеңейту жоспары туралы айтты.

Петер Маурер Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіріп, Комитеттің қазіргі қызметі мен жоспары жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ еліміздің ауған халқына гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1944522-toqaev-qyzyl-krest-komitetinin-prezidentimen-kezdesti/

pixel