Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жер, мүлік, көлік құралдары салығы: Қызылорда облысында жеке тұлғалар бюджетке қанша қарыз

Опубликовано:

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Жеке тұлғалардың жер, мүлік, көлік салықтарынан түскен түсім 4-деңгейдегі бюджетке түседі. Ол кент, ауылдық округтердің бюджеті. Жергілікті атқарушы органдарының негізгі басымдығы мен мақсаты өз бюджеттерін толықтыру болып табылады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қуанышбек Бекшин хабарлады.

«2019 жылы облыста кемінде 2000 тұрғыны бар 65 округ 4-деңгейлі бюджетке көшсе, 2020 жылдан бастап барлық 146 округ 4-деңгейлі бюджетке көшіріліп, ауылдағы әлеуметтік мәселелерді дербес шешуге мүмкіндік алды. Осы жылдың 10 айында 4-деңгейлі бюджетке 880,3 млн теңге болжамдалған болса, нақты 1,1 млрд теңге түсіп, болжам 26 млн теңгеге артығымен орындалды. Облыс бойынша бүгінгі таңда жер салығынан 165 397 төлеуші, мүлік салығынан 157 823 салық төлеуші, көлік құралдары салығынан 117 326 салық төлеуші тіркелген. Ағымдағы жылдың 10 айында 4-деңгейлі бюджетті қоса алғанда бюджетке жер салығынан 62 млн теңге, мүлік салығынан 129 млн теңге, көлік құралдары салығынан 1 млрд 743 млн теңге өндіріліп бюджетке түсті», - деді Қуанышбек Махметұлы.

Дегенмен, жер, мүлік, көлік құралдары салығынан жеке тұлғалардың бюджетке қарыздары 657 млн теңгені құрап отыр. Осы берешекті өндіру мақсатында, Департамент тарапынан жыл басынан бері жеке тұлғаларға 721 млн теңгеге 26 430 Салық бұйрығы шығарылып, жеке сот орындаушыларға жолданған.

Сонымен қатар, қазіргі таңда облыс бойынша 14 810 жеке тұлғада 581 млн теңге көлік салығынан қарыз бар. Ол салықтық кезеңі үшiн салық сомасын өз бетінше есептеп, келесі жылдың 1 сәуіріне дейін төлеуі қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1944588-zer-mulik-kolik-quraldary-salygy-qyzylorda-oblysynda-zeke-tulgalar-byudzetke-qansa-qaryz/

pixel