Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Беларусь президенті Лукашенко Назарбаевты ерекше құттықтады

Опубликовано:

Назарбаев пен Лукашенко
Фото: sputnik.kz

Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады, деп хабарлады Беларусь президентінің ресми сайты.

Сіздің мемлекет басшысы лауазымындағы белсенді абыройлы қызметіңіз егемен Қазақстанның қалыптасу кезеңімен тығыз байланысты. Сіз қабылдаған жауапты әрі жан-жақты ойластырылған шешімдер ұлттың бірлігін, оның тарихи және мәдени құндылықтарын сақтап қалды, сондай-ақ, саяси жүйенің табысты өзгеруіне, қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуға ықпал етті. Бүгінде Қазақстан Республикасы сіздің, Тұңғыш президенттің, арқасында өркендеп келеді", - деп атап өтті Лукашенко.

Сонымен қатар, ол Беларусь елінде Нұрсұлтан Назарбаевты бауырластық пен достыққа, өзара қолдау мен стратегиялық серіктестікке негізделген Беларусь-Қазақстан қарым-қатынастарын қалыптастырудың бастауында тұрған, әлемдік ауқымдағы көрнекті саясаткер ретінде танитынын және жоғары бағалайтынын атап өтті.

Беларусь президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық, Отанға қызмет етуде жаңа жетістіктер және сүйіспеншілікке толы отбасы мен адал жолдастар ортасында ұзақ өмір сүруін тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1944816-belarus-prezidenti-lukasenko-nazarbaevty-erekse-quttyqtady/

pixel