Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мәңгі президент ретінде қалдыру жайлы сөз болды": Елбасы отставкасы туралы айтты

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Видеодағы кадр: "Хабар" телеарнасы

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев белгілі режиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында отставкасы жайлы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Назарбаев танымалдығы ең шарықтау шыңына жеткенде президенттіктен кеткенін мәлімдеді. Ол 2015 жылғы сайлауда 95 процент дауыс жинағанын еске алды. Елбасының айтуынша, бұл - сол кездегі ең үлкен, мүмкін емес көрсеткіш.

"Бірақ мені мәңгі президент ретінде қалдыру жайлы сөз болды. Әрине, мен бұған келіскен жоқпын. Мен биліктен мүлде кеткім келді. Ал маған "мәңгі қал" деді. Мен "қалмаймын, сайлау өткізейік" дедім. Қауіпсіздік кеңесінде, саяси партияда қалуға және сол арқылы елдің дамуына атсалысуға дайын екенімді білдірдім. Олар осыған келісіп, Конституциялық заң қабылдады", - деді Назарбаев "Qazaq: history of the golden man" деректі фильмінде.

Ол қазір парламент қабылдаған заңдар арқылы өз статусын жүзеге асырып жатқанын атап өтті.

"Елді жаңа президент басқарады, мен оған араласпаймын", - деді Елбасы.

"Ол сіздің партиядан ғой, дұрыс па?, - деп сұрады Оливер Стоун.

"Иә. Мен оған кедергі келтірмеймін, керісінше, қажет болғанда оған кеңес беремін", - деп жауап берді Назарбаев.

"Бірақ, халыққа билік шын мәнінде кімнің қолында екені үнемі қызық қой?", - деп сұрады Стоун.

"Президенттің қолында. Оның өкілеттігі Конституцияда жазылған", - деді Елбасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1944822-mangi-prezident-retinde-qaldyru-zaily-soz-boldy-elbasy-otstavkasy-turaly-aitty/

pixel