Елорда әкімінің жанұясы айына азық-түлікке қанша теңге жұмсайды

Опубликовано:

Елорда
Фото: elorda.info

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов орталық коммуникациялар қызметінде өткен отырыста жанұясы айына азық-түлікке қанша теңге жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері Көлгіновтен елорда әкімі айына қанша табыс табатынын және азық-түлікке қанша теңге жұмсайтынын сұрады. Бірінші сауалға ол барлық өңір әкімдері шамамен бірдей жалақы алады деп жауап берді.

"Менің жанұям азық-түлікке айына 250-300 мың жұмсайды. Отбасым көпбалалы", - деді әкім.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, Алтай Көлгіновтің төрт баласы бар.

Айта кетейік, осыған дейін бұл сұраққа энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев жауап берген болатын.

"Біз айына шамамен 200 мың теңге жұмсаймыз", - деген еді ол.

Статистика деректеріне сәйкес, осы жылдың екінші тоқсанында қазақстандықтар бір адамға шаққанда азық-түлікке 197 565 теңге жұмсаған. Яғни, орташа статистикалы қазақстандық айына азық-түлікке 65 855 теңге жаратқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1945201-elorda-akiminin-zanuyasy-aiyna-azyq-tulikke-qansa-tenge-zumsaidy/