Өзбекстан президенті жексенбі күні Қазақстанға келеді

Опубликовано:

мемлекет басшылары
Фото: Ақорда

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев екі күндік мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Берік Уәлидің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 5-6 желтоқсан күндері елімізге Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев екі күндік мемлекеттік сапармен келеді.

Көпқырлы қазақ-өзбек қатынастарына тың серпін беру мақсатымен Қазақстан мен Өзбекстан басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді. Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1945211-ozbekstan-prezidenti-zeksenbi-kuni-qazaqstanga-keledi/