Тоқаев елордаға келген Өзбекстан президентін ұшақтан күтіп алды (фото)
Опубликовано:

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстанға мемлекеттік іссапармен келді. Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесін ұшақтан күтіп алды. Суреттер Шавкат Мирзиеевтің Facebook парақшасында жарияланды.
Астана әуежайында мейманның құрметіне құрметті қарауыл тұрғызылды.

Көрші мемлекет басшысының сапары аясындағы негізгі іс-шаралар бүгін, 6 желтоқсанда өтеді.

Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту, мәдени-гуманитарлық алмасуларды кеңейту мәселелері талқыланады. Көшбасшылар өңірлік және халықаралық саясат мәселелері бойынша да пікір алмасады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша 20-дан астам құжатқа қол қою көзделген, деп хабарлады Өзбекстан президентінің ресми сайты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1945380-toqaev-elordaga-kelgen-ozbekstan-prezidentin-usaqtan-kutip-aldy-foto/