Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Қырғызстан басшысы Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, игіліктер мен оның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Жоғарғы кеңесіне сайлаудың сәтті өткеніне қолдау білдіріп, парламенттің жаңа құрамы мемлекеттің тұрақты дамуына қомақты үлес қосатынына және қазақ-қырғыз достығын, тату көршілік пен одақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Екі елдің басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты тереңдетуге бағытталған уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1945440-prezident-qyrgyzstan-bassysy-sadyr-zaparovty-tugan-kunimen-quttyqtady/

pixel