Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев пен Мирзиеев жаңадан салынған Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігіне барды (фото)

Опубликовано:

Мемлекет басшылары
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев жаңадан салынған Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігіне барды, деп хабарлайды Ақорда.

Шавкат Мирзиеевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында екі ел президенттері Өзбекстан елшілігінің жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Елшіліктің ғимараты Тәуелсіздік даңғылының бойында, "Хазірет Сұлтан" мешітіне жақын жерде орналасқан.

Мемлекет басшылары салтанатты шарада лента қиған соң, президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев елшіліктің жаңа ғимаратын аралап шықты. 

Жиын соңында Қазақстан президенті Құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.

Өзбекстан
Фото: Ақорда

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1945556-toqaev-pen-mirzieev-zanadan-salyngan-ozbekstannyn-qazaqstandagy-elsiligine-bardy-foto/

pixel