Ақылы жолдарда кімдер жеңілдікпен жүре алады
Опубликовано:

Қазақстанда ақылы жолдарда кімдердің жеңілдікпен жүре алатыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төменде көрсетілген аудандарда тіркелген жеңіл автокөлік құралдарының иелері мұндай мүмкіндікті пайдалануға құқылы.
1. "Қапшағай – Талдықорған" тасжолында - Қапшағай, Кербұлақ, Көксу, Ескелді аудандары, сондай-ақ, Талдықорған қаласы;
2. "Тараз – Қайнар" тасжолында - Қордай, Шу, Меркі, Тұрар Рысқұлов, Байзақ аудандары;
3. "Шымкент – Тараз" тасжолында - Сайрам, Түлкібас, Жуалы, Жамбыл аудандары;
4. "Шымкент – Қызылорда" тасжолында - Кентау, Сауран, Ордабасы, Байдібек, Сайрам, Жаңақорған, Шиелі аудандары;
5 "Шымкент – Ташкент" тасжолында - Төле би, Қазығұрт, Сарыағаш аудандары;
6. "Щучинск – Көкшетау" тасжолында - Бурабай, Зеренді аудандары, Щучинск қаласы;
7. "Нұр-Сұлтан – Павлодар" тасжолында - Целиноград, Ерейментау аудандары, Екібастұз және Ақсу қалалары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1945769-aqyly-zoldarda-kimder-zenildikpen-zure-alady/