Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Германияның жаңа канцлерін Қазақстанға шақырды

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның жаңадан сайланған Федералдық канцлері Олаф Шольцке жеделхат жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президент жеделхатта барша қазақстандықтың және жеке өзінің атынан Олаф Шольцті Германия Федеративтік Республикасының федералдық канцлері қызметіне кірісумен шын жүректен құттықтаған.

"Бұл тарихи оқиға – халқыңыздың сізге және өзіңіз басқарып отырған коалицияға еліңіздің саяси-экономикалық өркендеуін жалғастыруға, сондай-ақ оның халықаралық деңгейдегі ұлттық мүдделерін ілгерілетуге бағытталған маңызды жоспарларыңызға артқан сенімінің айқын дәлелі. Осы тұста сіздің қажырлы еңбегіңіз Отаныңызды бүгінгіден де биік белестер мен жаңа табыстарға жетелей беруіне тілектестігімді білдіремін", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Германияны Қазақстанның Еуропалық Одақтағы басты серіктесі деп санайтынын және екі ел арасындағы қарқынды дамып келе жатқан стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән беретінін атап өткен.

"Қазақ-герман және Орталық Азия – Еуропалық Одақ форматтарындағы сан қырлы ықпалдастығымыздың мазмұнын одан әрі байыту мақсатында, сізбен қоян-қолтық жұмыс істеуге дайын екенімді растаймын. Орайлы мүмкіндікті пайдаланып, өзара ыңғайлы уақытта сізді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырамын", – дейді президент жеделхатында.

Одан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Олаф Шольцтің игі бастамаларына сәттілік, отбасына баянды бақыт, ал достас герман халқына мол ырыс пен құт-береке тілеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1945976-toqaev-germaniyanyn-zana-kanclerin-qazaqstanga-saqyrdy/

pixel