Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы жетекші фармацевтикалық компания үздік инвесторлар қатарынан көрінді

Опубликовано:

Santo
Фото: Santo

Нұр-Сұлтанда ел экономикасының табысты дамуы мен өсуіне ықпал ететін жетекші инвестициялық компаниялардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Kazakhstan Global Investment Roundtable 2021 (KGIR 2021) деп аталатын жыл сайынғы жиын биыл еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Үздік инвесторларды марапаттау рәсімінде фарминдустрияның дамуына қосқан үлесі үшін Polpharma марапатын SANTO компаниясы иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дөңгелек үстел 2017 жылдан бері өткізіліп келе жатыр. Биылғы басқосуға премьер-министрдің орынбасары, сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қатысты. Өз сөзінде министр шетелдік инвесторлардың Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

Дөңгелек үстел аясындағы «Жаһандық экономикалық трансформация: пандемиядан кейінгі кезеңдегі сын-қатерлер мен даму келешектері» панельдік сессиясында Polpharma тобының атынан компанияның бас директоры Маркус Зигер сөз алды.

Айта кету керек, Польфарма тобы Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібіне жоспарлы түрде инвестиция бөліп келеді.

«Биылғы жылы біз Polpharma-ның Шымкент қаласында орналасқан SANTО инвестициялық бағдарламасының 10 жылдығын атап өттік. Қазіргі уақытта SANTO - Қазақстандағы жетекші отандық фармацевтикалық компания. Сондай-ақ, SANTO Орталық Азиядағы біздің өңірлік орталыққа айналды, біз одан Өзбекстан және Қырғызстан сияқты елдерге өнім жеткіземіз. Қазір біз пандемияға байланысты тұрақсыз жағдайда жұмыс істеп жатырмыз. Ұлттық үкіметтердің дәрілік қауіпсіздігінің кепілі ретінде жергілікті фармацевтикалық өнеркәсіпке назарды күшейтудеміз, сол себепті Еуропада, сондай-ақ Қазақстанда оқиғалардың дамуын болжап отырмыз», - дейді компания басшысы.

Маркус Зигердің сөзінше, компанияның инвестициялық бағдарламасы СҚ Фармация қазақстандық бірыңғай дистрибьюторымен ұзақ мерзімді келісімшарттарға негізделген.

«Жеткізу келісімшарттарының үздіксіздігі ұлттық фармацевтика өнеркәсібінің тұрақтылығына да, инвестициялардың үздіксіз құйылуына да кепілдік береді. SANTO Polpharma-ның инновацияларға, сапа мен қауіпсіздікке баса назар аударуға негізделген мақсатын қолдайды. Біз SANTO зауытын 11 өндірістік желілерімен кеңейтуге және жаңғыртуға, зияткерлік меншік, ноу-хау және озық операциялық процестерді енгізуге, отандық препараттарды әзірлеуге, SANTO қызметкерлерін дамытуға және олардың мүмкіндіктері мен біліктіліктерін арттыруға тұрақты түрде инвестиция саламыз. Біздің түпкі мақсатымыз - емделушілерге салауатты өмір салтын ұстануға көмектесу», - деп атап өтті Зигер.

Бұдан бөлек, ауқымды басқосуда екіжақты кездесулер ұйымдастырылып, түрлі құжаттарға қол қойылды, инвестициялық келісімшарттарды одан әрі ілгерілету бойынша пайдалы пікір алмасу болды. Жиын соңында үздік инвесторларды марапаттау рәсімі өтті. Фарминдустрияның дамуына қосқан үлесі үшін Polpharma марапатын SANTO компаниясының бас директоры Ижи Урбанецке табыс етті.

«Осы беделді марапаттың артында бүкіл ұжымның еңбегі тұрғанын атап өтуім керек. Біздің бірлескен белсенді күш-жігеріміз компанияның Қазақстан фармацевтикалық нарығында көшбасшы болуына себеп болды. Бүгінгі таңда компаниямыздың жоғары сапалы сұранысқа ие және халық үшін қолжетімді дәрілік заттарды шығара отырып, Қазақстанның фарминдустриясын дамытуға табысты ықпал етіп келе жатқанын мақтан тұтамыз», - деді Урбанец өз сөзінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1945983-qazaqstandagy-zeteksi-farmacevtikalyq-kompaniya-uzdik-investorlar-qatarynan-korindi/

pixel