Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Рахымов Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды

Опубликовано:

Қайрат Рахымов
Қайрат Рахымов. Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Қайрат Рахымов Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды деп, хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Қайрат Рахымов 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін және Сеул ұлттық университетін бітірген. 

2007-2015 жылдары Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде, Энергетика министрлігі мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы болған.

2015 жылдан 2020 жылға дейін Энергетика министрлігінде басшылық лауазымдарды атқарған.

2020 жылғы ақпан айынан бастап бүгінге дейін Энергетика вице-министрі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1946605-qairat-raxymov-energetika-vice-ministri-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel