Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орынбасарының кінәсі дәлелденсе Атырау облысының әкімі отставкаға кетуге дайын ба

Опубликовано:

Махамбет Досмұхамбетов
Махамбет Досмұхамбетов: facebook.com/m.dosmukhambetov.online

Атырау облысының әкімдігі аймақ басшысының орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталуына қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ, егер оның кінәсі дәлелденсе өңір әкімі Махамбет Досмұхамбетов отставкаға кетуге дайын ба деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бұған дейін де, егер орынбасарының бірі жемқорлыққа байланысты күдікке ілініп, сот шешімі бойынша кінәлі деп танылып және үкім заңды күшіне енсе, онда заңға сәйкес, отставкаға беруге дайын екенін мәлімдеген болатын", - дейді ведомстводан.

Еске сала кетсек, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен өңірлік мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.

Кейін Атырау облысының арнайы тергеу соты уақытша ұстау изоляторында отырған Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа алу туралы санкция берді және бұл шешімін түсіндіріп өтті.

Айта кетейік, Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары болып, 2020 жылдың наурыз айында тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1946763-orynbasarynyn-kinasi-daleldense-atyrau-oblysynyn-akimi-otstavkaga-ketuge-daiyn-ba/

pixel