Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асқар Ақаев Қырғызстанға қайта оралды

Опубликовано:

Асқар Ақаев
Асқар Ақаев: Sputnik / Руслан Кривобок

Құқық қорғау органдарындағы дереккөз Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаевтың отанына оралғанын мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Басылымның жазуынша, Ақаевтың елге келу себебі белгісіз.

Бұған дейін саясаткер Қырғызстанға биыл 2 тамызда келген болатын. Ол кезде экс-президент "Құмтөр" жобасы бойынша куәлік беру үшін келген еді. Келгеннен кейін ол Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жеткізілді.

Сол күні жауап алу аяқталған соң Ақаев журналистердің алдында тергеуге көмектескісі келетінін айтып, сондай-ақ мемлекет басшысы Садыр Жапаровқа алғысын білдірді.

Кейін ол "Құмтөр" жобасын жүзеге асыру кезінде жіберген қателіктері үшін ел халқынан кешірім сұрады.

Ақаев іздеу жарияланғанына қарамастан отанына оралып, куәлік беруді ұйғарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1946892-qyrgyzstannan-qasyp-ketken-asqar-aqaev-eline-qaita-oraldy/

pixel