Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДСМ комитетінің экс-басшысы СҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Опубликовано:

Тимур Сұлтанғазиев
Тимур Сұлтанғазиев. Фото: СҚО әкімдігінің ресми сайты

Тимур Сламжанұлы Сұлтанғазиев Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң жұмыспен қамту және денсаулық сақтау мәселелерi бойынша орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы өңір әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Тимур Сұлтанғазиев 1982 жылы туған. Қазақ ұлттық медицина университетiн және АҚШ-тағы Тюлейн университетiн бiтiрген.

Еңбек жолын 2006 жылы Елордадағы № 1 қалыпты анатомия кафедрасының лаборанты болып бастаған.

2010 жылы "Республикалық медициналық жедел жәрдем ғылыми орталығында" жұмыс iстеген.

2010-2013 жылдары "Ұлттық медициналық холдингте" Инновация және технологиялық трансферт департаментiнiң менеджерi, бас менеджерi, директоры;

2013-2014 жылдары "Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының" президентi;

2014-2016 жылдары "Медикер" ЖШС-де директордың орынбасары;

2016-2018 жылдары Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң құрылымында түрлi басшылық қызметте болған.

2018 жылдан 2020 жылға дейiн СҚО әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін, 2020 жылы Денсаулық сақтау министрлiгi Тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау комитетiнiң төрағасы қызметін атқарған.

Жаңа қызметіне дейiн коммерциялық ұйымда жұмыс iстеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1946898-dsm-komitetinin-eks-bassysy-sqo-akiminin-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel