Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістігіне тоқталды

Опубликовано:

Алматы
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістігін атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Бұл туралы президент тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шарада айтты.

Оның сөзінше, ауқымды реформалардың арқасында отандық экономика көлемі шынайы мәнде 2,5 есе артқан.

"Жалпы ішкі өнім доллармен жан басына шаққанда 13 еседен астамға өсті және еліміздің Орталық Азиядағы сөзсіз көпбасшылығын қамтамасыз етті", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанға 370 млрд доллардан астам тікелей шетел инвестициясы тартылды.

Жан басына шаққандағы бұл көрсеткіш бойынша еліміз поскеңестік кеңістіктегі мемлекеттердің бәрінен және бірқатар шығысеуропалық елдерден басып озды. Қазақстаның халықаралық қоры 90 млрд доллардан асып жығылады.

"Еліміз өңірлерді, көлік инфрақұрылымын, әлеуметтік салаларды дамытуда байыпты жетістіктерге жетті. 13 мың шақырым автомобиль жолы мен 2,5 мың темір жол салынып, жаңғыртылды. "Батыс Қытай – Батыс Еуропа" күре жолының еліміздегі бөлігі іске қосылды. Каспий теңізінің жағасында Құрық айлағы ашылды. Өндіріс саласына серпін берілді. Аумағы 180 млн шаршы метрден астам үй салынды. Соның нәтижесінде бір жарым миллион азаматымыздың тұрғын-үй жағдайы жақсарды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1947131-toqaev-qazaqstannyn-tauelsizdik-zyldaryndagy-zetistigine-toqtaldy/

pixel