"Жете түсінетін кез келді": Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды мәлімдеме жасады
Опубликовано:

Мемлекет басшысы республика тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шарада сөйлеген сөзінде Қазақстан халқына маңызды үндеу жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Қазақстандағы тыныштық пен тұрақтылық үшін, ең алдымен, ел иесі – қазақ халқы – жауапты. Осыны жете түсінетін кез келді. Біз әрдайым кеңпейіл болып, өзге этнос өкілдеріне қамқорлық танытуымыз керек. Сонда ғана берекелі бірлігімізді сақтап, тату-тәтті өмір сүреміз", – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы енді Тәуелсіздіктің төртінші онжылдығына қадам басқалы тұрғанымызды еске салды.
"Бұл кезең бізге жаңа міндеттер жүктейді. Мемлекеттігімізді одан әрі нығайтып, халқымыздың әл-ауқатын арттыра түсуіміз керек. Сондықтан, барлық саладағы реформаны жалғастыра береміз", – деді президент.
Тоқаев, ең бастысы, тұрақтылықты сақтай білуіміз қажет екенін айтты.
"Ең бастысы, бейбіт өмірді, тыныштық пен тұрақтылықты сақтай білуіміз қажет. Сонда азаматтарымыз Тәуелсіздіктің игілігін әрдайым сезінетін болады. Біздің мақсатымыз – осы", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1947134-zete-tusinetin-kez-keldi-qasym-zomart-toqaev-manyzdy-malimdeme-zasady/