Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елбасы: Қасым-Жомарт Тоқаев елді тиімді басқарып келеді

Опубликовано:

Елбасы мен президент
Фото: Elbasy.kz

Қазақстанның Тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарабаев қазақстандықтарды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын қолдауға шақырды, деп хабарлайды Elbasy.kz.

Бұл туралы Елбасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында айтты.

"Бізге алдағы уақытта бейбітшілікті жақтайтын саясатымыз бен халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы игі әрекеттерімізді жалғастыра беру керек.

Көпшілік халықтың қолдауымен ресми жоғары билік тізгінін қолына алған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгінде стратегиялық бағдарымызды лайықты жалғастырып, елді тиімді басқарып келеді.

Елі еріне сенген, ері еліне сүйенген жоралы жұртымыздың ертеңі бұдан да жарқын боларына күмәнім жоқ", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы жиында қандай арманы бар екенін жеткізді.

"Жер көлемі жөнінен әлемде 9-шы орын алатын еліміз басқа да барлық бағыт бойынша болашақта озық 10  мемлекет қатарына қосылса деп армандаймын. Ұлы мұрат жолына белін байлаған ұлтымыз, мақсаткер де жасампаз жұртымыз барда сол арманымның орындаларына сенгім келеді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1947149-elbasy-qasym-zomart-toqaev-eldi-tiimdi-basqaryp-keledi/

pixel