Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алексей Цой денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды

Опубликовано:

Алексей Цой
Алексей Цой. Фото: ortcom.kz

Алексей Владимирович Цой денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды.

Тиісті құжат Ақорда сайтында жарияланды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылды",- делінген құжатта.

Айта кетейік, Алексей Цой Sels College (Лондон) тәмамдаған, Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясының аспирантурасын, Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясын, "Дәнекер" халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтын, Ресей ауыл шаруашылық және Ресей Федерациясы президентінің жанындағы мемлекеттік қызмет академиясының корпоративті басқару жоғары мектебі мен Халықаралық бизнес академиясын бітірген.

Еңбек жолын хирург-эндоскопист болып бастаған.

Ол 2007-2010 жылдар аралығында ҚР Президенті Іс Басқармасының Қазіргі заманғы медициналық технологиялар орталығын басқарды.

2010-2011 жылдар аралығында "ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы" ММ бастығы;

2011-2014 жылдар аралығында Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының бас дәрігері болды.

2014- 2017 жылдар аралығында денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі;

2017-2019 жылдар аралығында денсаулық сақтау вице-министрі;

2019-2020 жылдар аралығында ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық Орталығының басшысы;

2020 жылдан бүгінге дейін денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1947449-aleksei-coi-densaulyq-saqtau-ministri-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel