Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы экс-министр Алексей Цойға алғыс айтты

Опубликовано:

Алексей Цой
Фото: Facebook/ Берік Уәли

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына қарсы күрестегі еңбегі үшін экс-денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға алғыс айтты.

Президенттің лебізін Берік Уәли өз Facebook парақшасында жеткізді.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға белсенді жұмыс істегені, әсіресе, Қазақстанда коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте атқарған еңбегі үшін алғыс білдірді",- деп жазды ол.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысының жарлығымен Алексей Владимирович Цой денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды.

Министрліктің баспасөз қызметі Алексей Цойдың басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен қызметінен кеткенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1947477-memleket-bassysy-eks-ministr-aleksei-coiga-algys-aitty/

pixel