Бір жарым жыл Денсаулық сақтау министрі болған Алексей Цой қандай істерімен ел есінде қалды

Опубликовано:

Алексей Цой
Алексей Цой. Фото: primeminister.kz

Еліміздің денсаулық сақтау министрі ретінде 1,5 жыл бойы қызмет еткен Алексей Цой лауазымын босатты. Пандемия кезінде елдің сынына ұшыраған денсаулық сақтау саласын басқару министрге оңайға түспеді. Осы орайда KAZ.NUR.KZ тілшісі бұрынғы министрдің қандай істерімен ел есінде сақталғанын еске түсіріп көрді.

Пандемияның өршіген тұсында тағайындалды

Цой 2020 жылдың маусым айында Қазақстанда коронавирус эпидемиясы өршіп, өлім-жітім жағдайлары көбейген кезде, экс-министр Елжан Біртанов КВИ жұқтырып, лауазымынан кеткен тұста басшылыққа келді. Елімізде COVID-19-бен күрестің локдауннан басқа жолы болмады. Бүгін қызметінен кетерінде Алексей Цой желіде пост жазып, өз жұмысын қортындылады. Цой президенттің өзіне COVID-19-ға байланысты жағдайды тұрақтандырып, денсаулық сақтау жүйесінің потенциалын көтеру тапсырмасын қойғанын жеткізді. Медицина қызметкерлерінің жалақысы көтерілді, аймақтарда ауруханалар салынып, жаңа жедел жәрдем көліктері мен өкпені желдету аппараттары сатып алынды, Qazvac вакцинасы әзірленді.

Тоқаев үкіметке сенім артпай, Цойға ерекше статус берді

Цойды тағайындаған соң үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктерге екі аптаның ішінде эпидахуалды тұрақтандырмаса, олардың жұмысына сенім білдірмейтінін айтты. Сол уақытта президент Цойға ерекше статус беріп, үкіметке оның талаптарын жоғары қоюды тапсырды.

Вакциналау мерзімдерінің уақытылы орындалмауы

Елімізде жаппай вакциналау 2021 жылы 1 ақпанда басталды. Қыркүйекке дейін Қазақстанда 10 млн адам екпе алуы тиіс болатын. Алайда жоспар орындалмады. Қыркүйекке дейін 6,5 млн азамат қана вакцина алды. Тоқаев сәуір айында Цойға вакциналау қарқыны төмен екенін ескертті. "Сәуір бойы сіздер жағдайды реттеулеріңіз керек, әйтпесе, сұрақтың кадрлық шешімі болады, ол сізге ұнамауы мүмкін", - деген еді президент. Цойдың вакциналау жоспарын мерзімге сай орындамағанына байланысты орынынан кетуі туралы сұрақ туындады.

Қазақстандықтарды түске бөлу - Ashyq қосымшасын енгізу

Елімізде вациналау басталған соң Ashyq қосымшасы жасалды, онда қазақстандықтарды "көк", "жасыл" және "қызыл" түске бөлді. Бастапқыда қосымшаның вакциналау статусымен байланысы жоқ, ол тек вирус жұқтыру көрсеткішін анықтайды деп айтылды. Алайда қосымша кейін вакцина төлқұжатымен біріктірілді. Содан былай "жасыл" түсті адамның тек сау екенін ғана емес, вакцина алғанын да көрсететін анықтауышқа айналды.

Pfizer-мен арадағы мәселе

Шілде айында Тоқаев Pfizer вакциналарын Қазақстанға жеткізуде мәселе туындағанын, оған үкімет кінәлі екенін мәлімдеді. Цой вакцинаның не үшін кешіктіріліп жатқанын түсіндірді. Денсаулық сақтау министрлігін жұрт бірнәрсені жасырады деп айыптады. Өйткені Pfizer-ді елге жеткізу шарттары мен мерзімі құпия ұсталды. Соның нәтижесінде вакцина елге келді- алайда ол қазіргі таңда тек балалар мен жүкті әйелдерге қолжетімді. Ал өзге азаматтарға аталған вакцинаны ақылы түрде алуға рұқсат етілді, бірақ препараттың бағасы әлі белгісіз. Цой сондай-ақ қараша айында өз балалары Pfizer вакцинасын қабылдайтынын айтып қалды.

Антиваксерлер шабуылы

Астанаға жиналған антиваксерлер Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдеріне шабуылдады. Мекеме алдына мәжбүрлі түрде вакцина алуға қарсы топ жиналып, Цойдың сыртқа шығуын талап етті. Министр тысқа министрлік өкілдерін жіберіп, өзі шықпады.

Денсаулық сақтау министрлігі санитар дәрігердің ержесін бұзды

Наурыз айында Алматыда Цойдың қатысуымен отырыс өтті. Онда министрлік өкілдері алматылық санитар дәрігердің талаптарын бұзып, қазақстандықтардың есінде қалды. Алматыда сол кезеңде кез келген бұқаралық шара өткізуге тыйым салынған болатын, алайда шенеуніктер ережеге қарамастан отырысқа жиналған. Олардың қатарында денсаулық сақтау министрі, Алматы әкімі, санитар дәрігердің өзі және тағы басқалары болды.

Цойдың екпе алуы және QazVac өндіретін зауыт

Цой - қазақстандық QazVac вакцинасын алған алғашқы шенеуніктердің бірі. БАҚ министрден бірнеше рет QazVac өндірілетін зауыттың әлі ашылмай жатқаны жөнінде сұраған. Цой бұған министрліктің вакцинаға тапсырыс беруші ғана екенін, ал зауытты Жамбыл облысы салып жатқанын айтты.

QazVac-ты ДДСҰ тіркеген жоқ

QazVac вакцинасын ДДСҰ-да тіркеу жұмысы созылып кетті. Цой министр боп тұрғанда бұл іс соңына дейін жеткізілген жоқ. Қарашада Цой ДДСҰ басшысымен Женевада жолығып, одан қазақстандық вакцинаны тезірек тіркеу туралы сұрады.

Тоқаев Цойға алғыс айтты

Алексей Цой қызметінен не үшін кеткені белгілі болды. Ол басқа лауазымға барады. Бұл туралы Цой әлеуметтік желіде жазды. Ол денсаулық сақтау саласын ғылыми жолмен дамытуға үлес қоспақшы. Президенттің баспасөз хатшысы хабарлағандай, Тоқаев Цойға коронавирусқа қарсы күресте атқарған жұмысы үшін рахмет айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1947517-bir-zarym-zyl-isinde-aleksei-coi-el-esinde-qalai-saqtalyp-qaldy/