jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    "35 жаста": Габриэль Борич Чили тарихындағы ең жас президент атанды

    Габриэль Борич
    Габриэль Борич. Фото: Marcelo Hernandez/Getty Images

    35 жастағы Габриэль Борич Чили мемлекетінің жаңа президенті болып сайланды, деп хабарлайды РИА Новости.

    Соңғы мәліметтерге сәйкес, Габриэль Борич президенттік сайлаудың екінші турында жеңіске жеткен.

    Борич 1986 жылы Чилидің оңтүстігінде хорваттар отбасында өмірге келген. Бала кезінен бастап көшбасшылығымен көзге түскен.

    1999 жылы 13 жасында Пунта-Аренас қаласында жоғары сыныпта оқитындарға арналған федерация құрған.

    Чили университетінде құқық саласы бойынша білім алған. 2011 жылы оқу ордасындағы студенттер орталығының басшысы болып сайланған. Осылайша, тегін білім беруді талап еткен студенттердің жаппай наразылығын ұйымдастырған.

    Бірер жылдан кейін парламенттік сайлауда жеңіске жетіп, депутат атанған.

    "35 жаста": Габриэль Борич Чили тарихындағы ең жас президент атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.