Денсаулық сақтау министрінің міндетін кім атқаратыны белгілі болды
Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының міндетін вице-министр Жандос Бүркітбаев атқарады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқару Қазақстан денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Қонысұлы Бүркітбаевқа жүктелсін", - делінген премьер-министр қол қойған құжатта.
Еске сала кетсек, 20 желтоқсанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Алексей Цой Денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылған болатын.
Кейінірек, Цой әлеуметтік желідегі парақшасында қызметінен басқа жұмысқа ауысыуына байланысты кеткенін хабарлады.
Сонымен қатар, президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы денсаулық сақтау министріне белсенді жұмыс істегені, Қазақстанда коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте атқарған еңбегі үшін алғыс білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1947590-densaulyq-saqtau-ministrinin-mindetin-kim-atqaratyny-belgili-boldy/