Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүркітбаев денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Жандос Бүркітбаев
Жандос Бүркітбаев. Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында Жандос Бүркітбаев мемлекеттік қызметтегі жұмысына тоқталып, денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы болып тағайындалуы туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүркітбаев мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын тағайындау немесе қызметтен босату туралы шешімді елдің жоғарғы басшылығы қабылдайтынын атап өтті.

"Осыған сәйкес, бұл туралы пікір білдіргенім орынсыз болар еді. Мен мемлекеттік саяси қызметші ретінде өзімнің өкілеттілігім аясында тапсырыстарды орындаймын, өз міндеттерімді атқарамын", – деп қосты ол.

Бұл ретте Бүркітбаев мемлекеттік қызметте жұмыс істеу қашан да үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.

"Бұл ең алдымен өзімнің, әріптестеріміздің, тұрғындардың алдындағы үлкен жауапкершілік. Денсаулық сақтау министрлігінің басты міндеті – Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтау. Мен тағайындауды аңғармаймын, міндетін атқарушымын.

Денсаулық сақтау министрлігінде алдын ала белгіленген жоспарлар мен жүйелі мәселелер аясында орынсыз толқусыз жұмыс жоспарлы, жүйелі түрде жүріп жатыр", – деп түйіндеді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1947920-burkitbaev-densaulyq-saqtau-ministrinin-mindetin-atqarusy-bolyp-tagaiyndaluyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel