Ақтоты Райымқұлова отставкаға кетуге қатысты ойын айтты

Опубликовано:

Ақтоты Райымқұлова
Фото: egemen.kz

Мәдениет және спорт минитрі Ақтоты Райымқұлова ОКҚ-да өткен брифингте отставка жайлы сұрақ қойған журналистердің сауалына жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Сіздің тарапыңызға өте көп сын айтылады, әсіресе, Олимпиададан кейін. Оны өзіңіз де оқыған боларсыз. Сіз отставкаға кетуім керек деп есептемейсіз бе? Спорт пен мәдениетті бөлек-бөлек ведомство ету керек деген ұсыныспен келісесіз бе?", - деді журналистер.

Өз кезегінде министр отставкаға өтініш бергенін айтты.

"Біз бәріміз адамбыз, кейде қателесуіміз мүмкін. Маған отставка туралы сұрақ бұған дейін де қойылды. Мен басшылыққа отставка туралы өтініш бердім, бірақ ол қабылданбады", - дейді мәдениет және спорт министрі.

Екінші сұраққа жауап берген ол министрлік мәдениетке де, спортқа да жауапты бола ма деген мәселені ел басшылығы шешетінін атап өтті.

"Біз өз жұмысымызды істейміз және оны барынша жақсы атқаруға тырысамыз", - дейді Ақтоты Райымқұлова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1947986-aqtoty-raiymqulova-otstavkaga-ketuge-qatysty-oiyn-aitty/

jitsu gif