Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев жуырда жұмыс сапарымен Санкт-Петербургке барады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: facebook.com / Берік Уәли

28 желтоқсанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebok парақшасында хабарлады.

"ТМД басшыларының Жаңа жыл қарсаңында өткізетін осындай форматтағы кездесуі дәстүрге айналды. Жиын барысында Достастық аясында атқарылған бірлескен жұмыстардың қорытындылары, көпжақты ықпалдастықты дамытудың перспективалары және Ұйым қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланбақ.

Сонымен қатар халықаралық және аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелері қарастырылады деп жоспарлануда", - деп жазды Берік Уәли.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1948027-toqaev-zuyrda-zumys-saparymen-sankt-peterburgke-barady/

pixel