Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Ерлан Бекмұрзаев
Фото: elorda.info

Ерлан Бекмұрзаев Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Малика Бектұрованың басқа қызметке ауысуына байланысты Президент әкімшілігі келісімімен 37 жастағы Ерлан Бекмұрзаев Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 

Бекмұрзаев еңбек жолын 2007 жылы Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы болып бастаған. Осы жылдар ішінде индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде сарапшы қызметін, 2017-2021 жылдар аралығында елорданың инвестициялар және даму басқармасының орынбасары, бастығы болып жұмыс істеген.

2021 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы Алматы ауданының әкімі қызметін атқарған.

Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 15 жыл.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1948255-nur-sultan-akiminin-zana-orynbasary-tagaiyndaldy/

pixel