Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путин: Қазақстан басшылығына орыс тіліне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын

Опубликовано:

Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: kremlin.ru

Ресей президенті Владимир Путин жыл сайынғы баспасөз конференциясында орыс тіліне қолдау көрсеткені үшін Қазақстан басшылығына алғыс білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол Қазақстан мен Ресей арасында өте терең гуманитарлық байланыс орнағанын атап өтті.

"Мен Қазақстан басшылығына орыс тілін қолдау мен дамытуға деген ықыласы үшін алғыс айтамын. Қазақстанда қанша адам орыс тілін оқып жатқанын өздеріңіз білесіздер. Бұл толық мағынада орысша сөйлейтін мемлекет.

Орыс тілін оқытатын мектептер мен жоғары оқу орындары филиалдарының саны артып келеді", - деді Путин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1948269-vladimir-putin-qazaqstan-orystildi-memleket/

pixel