Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қамаудағы Бақытгүл Хаменова қызметінен әлі босатылмаған

Опубликовано:

Бақытгүл Хаменова
Фото: instagram.com/bakytgul_khamenova

Бақытгүл Хаменова тергеудің біткенін түрмеде күтетін болды. Прокурорлардың талабынан соң сот оған қатысты шешімді қайта өзгерткен. Атырау облысы әкімінің орынбасары он күн бұрын ғана үйқамаққа ауыстырылған болатын, деп хабарлайды КТК арнасы.

Ал шешімнің өзгеруін соттағылар тағылған айыптың ауырлығымен түсіндірді. Оның үстіне ведомство Хаменова үйінде жүрсе қызметін, ықпалды тамыр-таныстарын пайдаланып тергеуге кедергі келтіруі ықтимал деп тапқан.

Егер шенеунік тағылған айып бойынша кінәлі деп танылса, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Атырау облысы әкімінің орынбасары Абай ескерткішіне бөлінген 145 миллион теңгеден үлес алды деген күдікпен екі апта бұрын ұсталған болатын.

Онымен қоса, Атырау облысы мәдениет басқармасының басшысы да құрықталған. Бірақ Ақылбек Рысқалиев өз кінәсін бірден мойындап, тергеушілерге көмек бергені үшін қамауға алынбады.

Ал Хаменова темір торға қайта қамалғанымен, қызметінен әлі ресми түрде босатылмапты.  

"Өткен жолы айтқанымдай, қазір соттан ешқандай шешім келген жоқ. Қазір тергеу изоляторында жатқанын өздеріңіз білесіздер. Жұмыста болмауына байланысты жалақы жүрмейді. Оған қарасты басқармалар қазір әкімнің өзге орынбасарларына бөлініп берілді. Қазір сол кісілер жауапты",- деді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Төлек.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1948343-qamaudagy-baqytgul-xamenova-qyzmetinen-ali-bosatylmagan/

pixel