Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев 60 жасқа толған Әзербайжан президентін туған күнімен құттықтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Әңгімелесу барысында президент Ильхам Әлиевті 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, оның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, бауырлас әзербайжан халқына бақ-береке тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің қазақ-әзербайжан көпжақты ынтымақтастығын нығайтуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалап, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытудың маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің абыройлы басшылығымен Әзербайжанның әлеуметтік-экономикалық даму ісінде және халықаралық аренада толағай табысқа жеткенін айтты.

Мемлекет басшылары келесі жылы жоғары деңгейде кездесу өткізуге уағдаласты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1948419-toqaev-60-zasqa-tolgan-azerbaizan-prezidentin-tugan-kunimen-quttyqtady/

pixel