Қасым-Жомарт Тоқаев қайта вакциналаудан қашан өтеді
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қайта вакциналаудан қашан өтетіні және қандай екпе салдыратыны белгілі болды. Бұл жөнінде президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың COVID-19 індетіне қарсы вакцинаны қайта салдыруына қатысты маған көптеген сұрақ келіп жатыр.
Дәрігерлердің кеңесіне сәйкес мемлекет басшысы келесі жылы қаңтар айында қайта вакциналаудан өтеді. Президент халыққа қолжетімді екпелердің бірін салдыратын болады", - деп мәлімдеді Берік Уәли өз жазбасында.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлескенін хабарлаған едік.
Әңгімелесу барысында президент Ильхам Әлиевті 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, оның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, бауырлас әзербайжан халқына бақ-береке тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің қазақ-әзербайжан көпжақты ынтымақтастығын нығайтуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалап, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытудың маңызды екенін атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1948517-qasym-zomart-toqaev-qaita-vakcinalaudan-qasan-otedi/