Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сапарбаевтың қарамағындағылар Жамбыл облысына "көшіп" барғаны үшін тексерілмек

Опубликовано:

Бердібек Сапарбаев
Бердібек Сапарбаев. Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдерінен Қазақстанда шенеунік жаңа қызметке тағайындалғаннан кейін оның қарамағындағылар артынан бірге "еріп" келсе, қандай шара қолданылатынын сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мысал ретінде журналистер 2020 жылдың басында Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалған Бердібек Сапарбаевтың қарамағындағы қызметкерлердің ауысып келуін келтірді.

"Заңнамалық деңгейде мұндай нәрселер алынып тасталды, бұл мүмкін емес. Басқа себептермен ауыса алады, бірақ қолданыстағы заңнама адамды жай ғана бір жерден екінші жерге ауыстыруға мүмкіндік бермейді. Егер мұндай фактілер орын алса, біз бұл туралы осы мемлекеттік органның басшылығына немесе жоғары тұрған мемлекеттік органға хабарлаймыз", – деді агенттік басшысының орынбасары Марат Дәуешов.

Журналистер Сапарбаевқа қатысты бұл нақты факт деп жауап берді.

"Жақсы, бұл фактіні Жамбыл облысы бойынша тексеріп көрейік, егер бар болса, президент әкімшілігіне дәйектеме жазамыз", – деп уәде берді Дәуешов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1948726-saparbaevtyn-qaramagyndagylar-zambyl-oblysyna-kosip-bargany-usin-tekserilmek/

pixel