Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрдің 15 млн теңге сыйақы алуы қаншалықты дұрыс: Тиісті мекеме жауап берді

Опубликовано:

теңге
Фото: NUR.KZ/Владмир Третьяков

Мемлекеттік қызмет істер агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дәуешев министрлердің миллиондап сыйақы ала алатынын растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БАҚ өкілдері миллиондап сыйақы алатын министрлер туралы сұрады.

"Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов былтыр 15 миллион теңге сыйақы алды деген ақпарат шықты. Бұл заңды тұрғыдан, мемлекеттік қызметшінің этикасы тұрғысынан қаншалықты дұрыс? Жалпы, басшының осыншама көлемде сыйақы алуы дұрыс па?", - деп сұрады журналистер.

Мемлекеттік қызмет істер агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дәуешев бұл сұраққа қысқа ғана жауап берді. Оның сөзіне қарағанда министрлер ондай сыйақы ала алады.

"Мемлекеттік органда осындай экономия болса, ол да мүмкін", - деді мемлекеттік қызмет істер агенттігі төрағасының орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1948727-ministrdin-15-million-tenge-syiaqy-aluy-qansalyqty-durys-tiisti-mekeme-zauap-berdi/

pixel