Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербургке ұшып келді (фото)

Опубликовано:

Назарбаев Питерде
Фото: twitter.com/Aidos_Ukibay

Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ға қатысушы елдер көшбасшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке ұшып келді, деп хабарлады Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter парақшасында.

"Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы президентінің шақыруы бойынша ТМД-ға қатысушы елдер көшбасшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке ұшып келді", - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, бейсенбі күні өткен жыл сайынғы баспасөз мәслихатында Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаевты 28 желтоқсанда Санкт-Петербургте өтеді деп жоспарланған ТМД-ға қатысушы елдер көшбасшыларының бейресми кездесуіне келеді деп үміттенетінін жеткізді.

Бұл ретте мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Тоқаев жұмыс сапарымен Санкт-Петербургке баратынын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1948787-nazarbaev-sankt-peterburgeke-usyp-keldi-foto/

pixel