Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аралда өндірілетін кварц құмы шыны зауытының өндірісінде қолданылмақ

Опубликовано:

Гүлшара Әбдіқалықова
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Арал ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты және аудан орталығында баспана алуға кезекте тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға жаңа пәтер кілтін табыстады.

Аймақ басшысы «Aral Sea Food» ЖШС-нің «Балықты тереңнен өңдеу» жобасының жұмысымен танысып, кәсіпорындағы жаңа құрал-жабдықтарды көріп, мамандармен тілдесті. Жоба аясында жылына 4 мың тонна өнделген балықтың сүбесі шығарылып, ішкі нарыққа және ТМД елдеріне ұсынылады. Сондай-ақ, кәсіпорын ішінен балық ұнтағын шығаратын цех іске қосылды. Кәсіпорында қолданылатын технология еуростандарт бойынша мақұлданды. Нысанда 50 адам жұмыспен қамтылған.

Зауыт
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Әрі қарай облыс әкімі Жақсықылыш кентінде орналасқан «Аралтұз» АҚ ас тұзы және техникалық тұз өндірісінің жұмысымен танысты. Жұмысшылармен кездесіп, пікірлесті. Кәсіпорынның индустрияландыру бағдарламасы аясында 2014 және 2016 жылдары ашылған 2 цех «Construcciones Mecanicas J.SERRA,S.A.» испан технологиясы бойынша шығарылатын өнім отандық нарықта сатылады және ТМД елдеріне экспортталады. Қазіргі таңда нысанда үшінші цех пайдалануға беріліп, өндірістің қуаты 350 мың тоннадан 600 мың тоннаға дейін ұлғайтылды. Кәсіпорында мыңға жуық жұмысшы істейді.

Жұмыс орны
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Жұмыс сапары соңында аймақ басшысы Аралқұм ауылдық округіне қарасты Шөміш елді мекеніндегі «Aral Quartz» ЖШС-ның кварц құмын байыту бойынша тау-кен комбинатының І кезеңін іске қосу рәсіміне қатысты. Комбинат жылына 120 мың тонна байытылған кварц концентраты мен құрғақ құрылыс ұнтақтарын өндіреді, нысанда 70 жаңа жұмыс орын құрылды. Дайын өнімнің 30% ішкі нарыққа, 70% экспортқа шығарылады.

Жұмыс орны
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Айта кетейік, комбинат өндіретін кварц құмы жуырда жұмысын бастаған шыны зауытының өндірісінде қолданылмақ. Бұл өнімге шетелден де сұраныс жоғары. Жобаның екінші кезеңінде цех қуаттылығын арттыру және өнім түрлерін көбейту мақсатында жаңа нысанның құрылысы басталды.

Кен байыту комбинаты
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Аймақ басшысы жаңа өндірістің жұмысына сәттілік тілеп, цехты іске қосты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1948924-aralda-ondiriletin-kvarc-qumy-syny-zauytynyn-ondirisinde-qoldanylmaq/

pixel