Тоқаев Санкт-Петербургке ұшып келді (фото)
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының дәстүрлі бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен келді.
Кездесу барысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің басшылары Достастық аясында атқарылған бірлескен жұмыстардың қорытындыларын, көпжақты ықпалдастықты дамытудың және Ұйым қызметінің тиімділігін арттырудың перспективаларын талқылайды", – деп жазды Уәли.
Сонымен қатар ол халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастыру жоспарланып отырғанын атап өтті.


Естеріңізге сала кетейік, 27 желтоқсанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та ТМД-ға мүше мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке ұшып барған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1948925-toqaev-ta-sankt-peterburgke-usyp-bardy-foto/